B2B компанияларына арналған 25 контент идеясы
- ITComms
- Apr 20, 2023
- 5 min read
Жекешеншік медиалар – бұл сіздердің ең тұрақты ақпарат алаңдарыңыз, олар жабылмайды, олардың бағасы өзгермейді, ең адал мақсатты аудиторияңыз сол жерде.
Егер сіз өзіңіздің корпоративтік блогыңызды әлі жүргізбесеңіз, мұнда санаулы сағат ішінде контент-жоспарын жинауға және жаңа материалдарды үздіксіз шығаруға көмектесетін 25 идея бар.
Бұл идеяларды B2B компанияларының блогын дамыту үшін дайындадық, бірақ, егер сіздің компанияңыз басқа аудиториялармен жұмыс жасаса, кетпей тұра тұрыңыз, мұқият қараңыз, мұндағы идеялардың көпшілігі сіздің бизнесіңізге де сәйкес келеді.

1. Іске асырылған жоба жөніндегі кейспен бөлісіңіз
Жақсы: Кейсті мақсатты аудиторияңызға барынша ұқсас кейіпкерлердің оқиғасынан бастаған және солардың мәселесі қалай шешілгенін көрсеткен жақсы.
Жаман: Қателіктер туралы айтудан қашу. Олардың пайда болу себебін талдау және кейсте оны жою тәсілдерін талқылау компанияның пайдасына шешіледі.
2. Ең жақсы салалық кейстерге шолу жасаңыз және оларды талдаңыз
Жақсы: Сіздің салаңыздағы бірінші болып жаңа технологияны қолданған, серіктес немесе клиенттің мәселесін ерекше жолмен шешкен компаниялардың жұмысын қарау – бұл жағдайлар кейске жақсы негіз бола алады
Жаман: Барлық адам айта-айта жауыр болған кейстерді сипаттау жақсы емес. Контент тек әріптерімен ғана емес, мағынасымен де ерекше болуы керек.
3. Вебинарлар мен көрмелерді жариялаңыз
Жақсы: Постта вебинар бағдарламасының, көрме стендіндегі іс-шаралардың сілтемесін немесе іс-шараға қатысуға тіркелу үшін сілтемені бірден салып қою.
Жаман: Блогқа жай ғана баспасөз хабарламасын салу.
4. Сіздерде жұмыс істейтін адамдар туралы айтыңыз, оларды жұмыс барысында көрсетіңіз
Жақсы: Мүмкіндігінше, түсірілімді нақты уақыт режимінде кеңседе немесе өндірісте ұйымдастыру.
Жаман: Постта адамның бет-әлпеті мен өзіндік ерекшелігі көрінбейтін ашық қорлардан алынған stock-фотосуреттерін жариялау.
5. Корпоративтік мәдениетіңізді трансляциялаңыз
Жақсы: Егер сіз қозғап жатқан корпоративтік мәдениет мәселелері командаңызға ғана емес, сонымен қатар жазылушы-оқырманыңыз бен тұтынушының сұранысына да әсер етсе, жақсы.
Жаман: Егер корпоративті құндылықтар компания басшылығының нақты іс-әрекеттерімен сәйкес келмесе, жаман. Бұл жағдайда корпоративті мәдениеттің өсиеттері туралы посттар жариялаудың пайдасы жоқ.
6. Қолдау көрсету қызметіне келіп түскен жалпы қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап беріңіз
Жақсы: Жиі қойылатын сұрақтарды кейін іздеу жүйелерімен индекстеліп, жазылушы-оқырманның қатарын көбейту үшін контентке тақырып қылып қойған жақсы.
Жаман: Қолдау қызметіне келіп түскен нақты сұрақтардың шектеулі ауқымын ғана қолдану және компанияның мақсатты аудиториясы сұрақ қоятын тақырыптық форумдардың мониторингі туралы ұмытып кету жаман.
7. «Қалай жасалатынын білеміз» деген сынды посттар жазыңыз
Жақсы: Осы секілді посттарда сіздің тауарларыңыз бен қызметтеріңіздің, шетелдік блогтардан алынған лайфхак-посттарды аударудың көмегімен автоматтандыру мен аз күш жұмсау алгоритмдерін ұсыну, өнімдерді баптап күту және оларды жаңарту бойынша рецепттер ұсыну жақсы.
Жаман: «How To» белгісімен жалпы бизнес-кеңестер жариялау жөнсіз.
8. Қайырымдылық, әлеуметтік жобалар және онымен не себепті айналысатыныңыз туралы айтыңыз
Жақсы: Көмекке мұқтаж адамдардың қажеттілігіне мән беріңіз және жазылушы-оқырмандарды сол немесе соған ұқсас басқа жобаларға қатысуға ынталандырыңыз. Бұл қайырымдылық бағдарламасын неліктен қолдайтыныңызды, оның сіздің корпоративтік мәдениетіңізге немесе құндылықтарыңызға несімен сәйкес келетінін көрсету орынды болады.
Жаман: Қайырымдылық туралы әңгімені қаржылық есепке айналдыру орынсыз.
9. Өнімдер немесе қызметтер туралы пост жариялаңыз
Жақсы: Өнімдерді тесттен өткізу және салыстыруды, оның мәселелерді қалай шешетіні, сапаны бақылау өндіріс тізбегінен қандай орын алып отырғаны және т. б. туралы әңгімелер жариялау.
Жаман: Өнімнің немесе қызметтің презентациясын сату мәтінімен ауыстыру, өз өніміңізді бәсекелестердің өнімімен әділетсіз салыстыру.
10. Сыйлық тағайындалғаны немесе компанияңыздың еңбегі бағаланғаны туралы басқа да марапатты хабарлаңыз
Жақсы: Қомпанияның жетістікке қалай жеткені туралы әңгіме айту. Серіктестерге алғыс айтуды, сыйлықтың тарихын еске алуды, нарық көшбасшыларының қайсысы оның лауреаты болғанын және марапаттың неге соншалықты маңызды екенін айтуды ұмытпаңыз.
Жаман: Марапаттау рәсімінен тек стандартты фото есептерді жариялау.
11. Өзіңіз күн сайын қолданатын құралдар мен бағдарламалар тізімін бөлісіңіз
Жақсы: Мұндай постта сирек кездесетін және шынымен тиімді құралдар туралы, соның ішінде сіздің компанияңыз үшін арнайы жасалған құралдар туралы айту.
Жаман: Айқындылық Капитаны рөлінде әрекет ету және жұрт назарына күнтізбе, электрондық пошта клиенттері немесе Glvrd.ru сияқты көпке белгілі сервистерді қосу.
12. Өнімге қосқан соңғы «фичиді» (артықшылық) қарастырыңыз
Жақсы: Міндетті түрде даму жолындағы оқиғаны көрсетіңіз, «осыған дейін қандай болды»/«қазір қалай өзгерді» деген фотосуреттер мен скриншоттарды қолданыңыз, неліктен мұндай өзгерістер енгізуге шешім қабылдағаныңызды және пайдаланушылар үшін олар нені жақсартатынын түсіндіріңіз.
Жаман: Пайдаланушыларға қарата сөйлеп отырып, кері байланыс туралы ұмыту қате. Постты клиенттердің сауалнамасымен сүйемелдеңіз, енгізген жаңалығыңызға қатысты олардың пікірін жинаңыз.
13. Зерттеу жүргізіңіз және оның талқылауын қыздыра түсіңіз
Жақсы: Егер үлкен кәсіби зерттеу жүргізуді қалтаңыз көтермесе, нарық мониторингінің деректерін немесе компанияның есебін контентке айналдырыңыз, мысалы, құрғақ зерттеу нәтижелерін инфографика немесе гифографика түрінде ұсынуға тұрарлық.
Жаман: Жазылған оқырманға қаншама өңделмеген деректі сол күйі алдына әкеп бере салу. Тек маңызды көрсеткіштерді ғана жариялаңыз, салыстырып көрсетсеңіз тіпті жақсы.
14. Сіздің салаңыздың даму бағыттарын болжаңыз
Жақсы: Бұл ретте, өзіңіздің салаңызға ғана емес, Сіздің бизнесіңізге әсер ететін аралас салаларға да назар аударыңыз.
Жаман: Басқалардың зерттеулерін қайтадан жариялаумен шектелу.
15. Сіздің компанияңызда болатын жиналыстар мен мерекелер туралы хабарлаңыз
Жақсы: Жазылған оқырмандарға қызықты тақырыптар қозғалатын немесе сирек бой көрсететін спикерлер мен көптен күткен қонақтар қатысатын іс-шаралар туралы айтыңыз.
Жаман: Фуршет фотосуреттерінің альбомымен постты іс-шара туралы есепке айналдыру жақсы емес.
16. Өз индустрияңыздағы оқиғалар/жаңалықтар туралы баған жүргізіңіз
Жақсы: Сөзіңіз дәлелді болса, пікір айтудан қорықпаған жақсы, қатты мәлімдемелер жасаңыз.
Жаман: Бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңалықтарды «қаз-қалпында» қайта басып шығару, оны оқырман үшін ой елегінен өткізбестен, талдаусыз немесе басқа қосымша құндылықсыз ұсына салу.
17. Бір аптадағы салалық оқиғаларды немесе жаңалықтарды жинап, қорытынды жасаңыз
Жақсы: Шолу жасауға қажетті тиісті жаңалықтарды табу үшін Google Alerts қызметін бизнесіңізге қатысты белгілі бір кілт сөздер бойынша баптаңыз.
Жаман: Блог оқырмандарына таңдалған жаңалықтар олардың өмірі мен бизнес-мүддесіне қалай әсер ететінін түсіндірмеу. Индустрияға әсер ететін жаңалықтардың орнына «хайп» тақырыптарының дайджесттерін жасау.
18. Жылды қорытындылаңыз – ең маңызды оқиғалардың топ жарып тұрған тізімін жасаңыз
Жақсы: Сіздің бизнесіңіздегі табысқа жету символына айналған негізгі тұлға-спикер атынан рейтинг беру мүмкіндігін пайдалану
Жаман: Маусым айында осындай «Жыл қорытындыларын» жариялау, өйткені материалды бірінші адаммен келісу тым көп уақытты алды.
19. Кеңсеңіздегі әдеттегі күнді сипаттаңыз
Жақсы: Сонда отырған әсерді беру, «реал тайм» видеоны пайдаланып, шынайы фотосуреттерді қолданған жақсы.
Жаман: Шынайы түсірілімді сахналық қойылымға ауыстыру және сол пластмассалы фотосуреттерді «біз мұндай жетістікке қалай жеттік» деген әңгімемен араластырып жіберу.
20. Сіздің салаңыздағы ең жақсы ресурстардың, нұсқаулықтардың (гайдтер), мамандардың, сайттардың топ жарып тұрған тізімін жасаңыз
Жақсы: Ресурстардың дамуын, гайдтардың жаңаруын, мамандардың бір құрылымнан екіншісіне ауысуын тек топ-пост жасау кезінде ғана емес, үнемі қадағалап отыру.
Жаман: Оқырманға рейтингті анықтау технологиясын ашып айтпау. Оны бір рет жасап шығып, болашақта оны әрдайым қолданған дұрыс.
21. Сіздің салаңыздың мамандарынан сұхбат алыңыз және одан пост жасаңыз
Жақсы: Сұхбатты аудио- немесе видеоформатында жариялау арқылы оны қысқаша сипаттамамен толықтырыңыз. Бұл оқырмандарды сұхбатпен танысуға және іздеу жүйелерінен кілт сөздерді теруге итермелейді. Егер субтитр қоссаңыз, тіпті керемет болады.
Жаман: Шаблонды және шала-шарпы сұрақтар қою. Егер видеода ешқандай интрига болмаса, онда оқырмандарыңыз оны неге көруі керек?
22. Оқырмандарыңызға сұрақтар қойыңыз
Жақсы: Жазылған оқырмандарыңыздан өнімдер мен қызметтерді пайдаланғандағы тәжірибесі туралы айтып беруін сұрау, пікір білдіру.
Жаман: Сұрақтар қойып отырып, кері байланысты ұмытып кету және жауаптарды елеусіз қалдыру.
23. Іс-шаралар, вебинарлар, кітаптар жайында қысқаша мәлімет жариялаңыз
Жақсы: Жаңа іс-шаралар мен жарияланымдарға тез реакция білдіру, олардың ұйымдастырушыларына немесе авторларына сөз беру.
Жаман: Қысқаша мәлімет дайындап отырып, оның мәні мен сандарының орнына «қызықты», «креативке толы» және «ерекше» деген эпитеттермен зиян тигізу.
24. Өз салаңыздағы бос ресурстар мен келешегі бар тауашалар (ниша) туралы ақпарат беріңіз
Жақсы: Дәлелденген болжамдарыңыз сізді өз салаңыздағы сарапшылардың деңгейіне дейін көтереді.
Жаман: Болжамдарды өз компанияңыздың даму перспективаларымен салыстырып қарамау.
25. Оқырмандарыңызға компанияңыздың тарихын айтыңыз: осы істі қалай бастадыңыз, құрылтайшы кім болды, сіздің миссияңыз қандай және оны қалай әзірледіңіз
Жақсы: Иммидж қалыптастыратын фильм, видеотұсаукесер жасау, оқиғаны оқырмандарыңыздың ықыласына қарай жекелендіру.
Жаман: Компания тарихын сипаттайтын шаблонды таймлайнды ресми көрнекі буклеттерден көшіру.
Корпоративтік блогты дамытуды кәсіпқойларға тапсырғыңыз келе ме? - бізге өтінім жіберіңіз welcome@itcomms.io
Мақала ұнады ма? - оны әріптестеріңізбен бөлісіңіз.